• г. Шымкент Рыскулова, 25/1.
    • Пон - Суббота: 9.00 ч до 18.00 ч.

                                                                                                                                                Русский  Казахский

Колледж туралы

Колледж туралы

Колледж туралы

Колледждің миссиясы – «Заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіби,   жоғары білікті  мамандарды даярлау».

Пайымдауы: «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзекті білім жүйесі орныққан,   білім алушылар,   педагогтар,   жұмыс берушілер және басқа да қызығушылық танытатын жақтардың мүддесіне қызмет ететін,   ашық ақпаратты орталығы мен жаңаша инфраструктурасы бар,   еңбек нарқында сұранысқа ие жаңа технологиямен жұмыс жасай алатын білімі мен дағдысы қалыптасқан кәсіби маман дайындайтын білім беру мекемесі.

«Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 - 2021 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары колледж миссиясы мен пайымдауына сәйкес оның негізгі стратегиялық даму бағыттарын есепке ала отырып құрастырылып,   бекітілген.

 Стратегиялық даму жоспарында (2016-2021жж.) колледж миссиясы мен пайымдауын қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы,   Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы,   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2017-2021 жылдарға Стратегиялық жоспарындағы міндеттемелері мен мақсаттары ескерілген.

Колледж миссиясы колледждің мүмкіндіктеріне,   кадрлік әлеуетіне,   сол сияқты еңбек нарығының талабына сай келеді. Миссияны,   пайымдауды және стратегиялық даму жоспарын талқылап әзірлеуге мүдделі топтардың өкілдері,   соның ішінде білім алушылар,   оқытушылар,   жұмыс берушілер,   әлеуметтік серіктестіктердің өкілдері қатысып дайындауға ат салысады. «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылдық жоспарын колледж әкімшілігі әр оқу жылының басында негізгі мақсаттары мен нақты өткізілетін іс-шараларын және жыл аяғында қол жеткізетін көрсеткіштерін айқындап  құрастырып,   бекітеді.

Мақсаты: өзіндік шешімдер қабылдай алатын,   кәсіптік жағынан сапалы,   білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған тиімді білім ортасын құру.

Міндеттері:

1.         Материалды-техникалық базаны жаңарту және жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу

2.         Білім саласындағы қызмет тізімін кеңейту,   жұмыс мамандықтарына лицензия алу,   жұмысқа орналаспаған жастарды курстарда дайындау  арқылы қолжетімділік пен сапалы дайындықты қамтамасыз ету және Шымкент қаласы аймағының индустриялық-инновациялық даму мақсатында оқу-материалдық базаны қайта жабдықтау және педагогикалық жұмыскерлердің біліктіліктерін арттыруды жалғастыру.

3.         «Кәсіпкерлік қызмет негізі» курсын немесе факультативін енгізу арқылы кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.

4.         Ережелер негізінде қосарлы білім беруді енгізу,   қосарлы білім беру үшін кәсіпорындарды тарту мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әрекеттесу

5.         Жастар саясаты концепциясын жүзеге асыру үшін  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық отаншылдық идеясының құндылықтарын енгізу.

6.         Волонтерлік қозғалысты дамыту. Жалғыз басты азаматтарға,   балалар үйіне,   еңбек және соғыс ардагерлеріне көмек көрсету үшін еріктілер мектебін құру.

7.         Салауатты өмір салтын,   салауатты және сапалы тамақтануды  қалыптастыру  жұмыстарын жүргізу.

8.         Колледждің даму менеджменті мен мониторингін жетілдіру,   қамқоршылық кеңесінің қызметін ұлғайту,   біліктілікті арттыру курстарынан өту.

В колледже осуществляется комплексная теоретическая и практическая подготовка специалистов, закрепление полученных знаний на практике.


  • г. Шымкент,
    улица Рыскулова, 25/1.
  • Позвонить

    8701-594-28-95

  • Почта

    kolledj2013@mail.ru

Новости

Жастар ресурстық орталығы колледж студенттерімен және мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы»

Колледж студенттерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды

ZOOM видео-байланыс ақпараттық жүйесінде Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі студенттерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды